Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру.
Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты  қалыптастыру мақсатында 15 - мамыр Халықаралық отбасы күніне орай 1 - 4 сынып оқушылар "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында фотоколлаж жасады. 5-11 сынып оқушылары видеоролик жасады.


🔰 7 - мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 1-11 сынып оқушыларына ерлік сағаттары өткізілді.


🔰 Патриотизмге бағытталған 1 - 11 сынып оқушыларына "Бірлік сабақтары" өткізілді.
🔰 Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке - бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту


Сәуір айының 25 - күні патриотизмге бағытталған 1 - 11 сынып оқушыларына "Бірлік сабақтары" өткізілді. 🔰 Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке - бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту.


Сәуір айының 25 - күні Ахмет Жұбановтың 115 - жылдығына арналған 1-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаты өтті.

✅ Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстан Ғылым академиясының өнер саласындағы академигі, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Қуанұлы Жұбанов өнер көгіндегі жарық жұлдыздардың бірі.


Сәуір айының 14-күні мектебімізде кезекті лездеме өтті. Күн тәртібінде
1. Өнер бірлестігінің "Өнерлі ұрпақ салауатты өмірдің жарқын болашағы" тақырыбында онкүндігі ашылу салтанаты
2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңініне қатысқан оқушылар Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы А.Ж Улукпанованың мадақтамаларымен марапатталды.
3. "Ұшқыр ой алаңы" атты оқушылардың республикалық дебаттық турнирінің облыстық кезеңінде қатысқан үшін Слям Тоғжан сертификатпен және жетекшісі Рахатова Құралай алғыс хатпен марапатталды.

Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!👏👏👏

 


Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай №4 ЖОББМ  1-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді


Оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2 "А" сынып оқушылары Ертіс жағасында серуендеп қайтты.


Оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқуға құштар мектеп жобасы аясында 6 "А" сынып оқушылары М.Әуезовтың "Жетім" әңгімесін талдап, викториналық сұрақтар қойылды.