"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік бейнеролик"
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз - Наурыз дана халқымыздың қай кезде де ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы - көктем мен жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі!
Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт- береке ала келсін!
Мектебімізде салт - дәстүрлерді жаңғырту мақсатында "Наурыз - берекем, наурыз - мерекем " атты мерекелік іс-шараны жоғарғы деңгейде өткізді.
Іс - шара барысында 0-1 сыныптар Ас батасы, Мереке батасы, Ақ батасы және 2-10 сыныптар салем салу, тұсау кесер, шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тыштырма, тілашар, құлақ тесу, ит көйлек, базарлық, бәсіре, ашамайға мінгізу, құйрық-бауыр, енші, киіт, асату, құда түсу, сыңсу сияқты ежелгі салт-дәстүрлеріміз көрініс тапты.
Наурыз мейрамын қазақтың ұлттық мерекелік асы Наурыз көжесіз елестету мүмкін емес.11- сынып оқушылары Наурыз көже дайындап, бауырсақ пісірді.
Сонымен қатар іс - шара барысында қазақтың ұлттық ойындары арқан тарту, асық ойындары, қазақ күресі көрініс тапты.
Ұлыстың ұлы күні - 22 наурызға арналған 'Наурыз - берекем, наурыз - мерекем!' тақырыбында оқушылардың көркем сөз арнауы
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде ата-аналарға, ұстаздарға, қыздарға арналған "Ана - өмірдің гүлі" атты мерекелік кеш өтті.
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде ата-аналарға, ұстаздарға, қыздарға арналған "Ана - өмірдің гүлі" атты мерекелік кеш өтті.
15 - наурыз "Жайлау күні"
Табиғаттың өзі тамаша күйге енетін, адамдарға жайдарлы көңіл күй сыйлайтын Наурыз мерекесінің өзіндік ерекшелігі бар. Ұлыстың ұлы күнінде ел-жұрт бірімен-бірі емін-еркін әңгіме құрып, үлкендер қауқылдасып жататын. Осынау айтулы күндерді айрықша атап өту мақсатында 15 наурыз «Жайлау күні» деп бекітілген.















