Оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қала меткептерінің оқушылар арасында өткен "Тоғызқұмалақ" жарысында мектебіміздің оқушылары I-орын алды. "Үздік ойын" көрсеткені үшін Сламбекова Жибек дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз!
Жетекшісі: Байболова Асемгуль Орынбасаровна


Семей қаласында өткен Наурыз мерекесіне арналған Волейболдан "Балалар және жастар шығармашылық сарайының" ашық біріншілігінде мектебіміздің қыздар құрамасы 2008-2009 жылғы қыздар арасында I-орын, 2006-2007 жылғы қыздар арасында II-орын алды.
"Үздік ойыншы " номинациясымен-Төлеуғазы Индира марапатталды!
Құттықтаймыз!

Жетекшісі: Рыспаев Ернат Кунанбаевич



Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында өткен 2007 жылғы және одан кіші жастағы ұлдар арасында волейболдан Шаяхметов Рамзи Закарьяұлын еске алуға арналған облыстық турнирінде III орын алған Курчатов құрама командасын құттықтаймыз!👏👏👏