Білім беру саласында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңіріп 30 жылдан аса еңбек өтілі бар ұстаздарға атап айтсақ Османова М.Т, Мындаспекова Ш.А, Адылханова Ж.А білім бөлімінің алғыс хатына ие болды. Ұстаздардың еңбектері әрқашан бағалана берсін. Білім беру саласында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі өнегелі еңбегімен абыройлы істері үшін көркем еңбек пәні мұғалімі Касимов Д.А, информатика пәні мұғалімі Қинаят С білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Осы педагогтардың тамыз конференциясы аясында секция бөлімінде мектебіміздің
Бастауыш сынып мұғалімі Мындаспекова Ш.А "Білім алушылардың логикалық ойлауын дамытуда математикалық білім негіздерін тиімді іске асыру" тақырыбында;
Биология пәні мұғалімі Османова М.Т "биология пәнін қосымша сабақтарда тиімді тереңдете оқыту" тақырыбында;
Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Адылханова Ж.А
"Организация исследовательской деятельности учащихся на уроках русского языка и литературы как основа реализации компетентностного подхода в обучении" тақырыбында;
Тарих пәні мұғалімі Ожыков Е.Ж "Тарихты оқытудағы оқу мақсаттарын құндылықтарға негіздеу түрлері" тақырыбында секция бөлімінде іс - тәжірибемен бөлісті.
















