Ақпан айының 25-күні мектебімізде "Тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, оқыту" тақырыбында Ы.Алтынсаринің 180 жылдығына арналған қалалық семинар-практикум өтті. Семинарға №1, №2, №3 мектептер қатысты.

Семинар-практикумның мақсаты: Білім сапасын арттыру мақсатында заман талабына сай оқыта отыра тәрбиелеуде әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану. Мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету және педагогикалық тәжірибе көрсете отыра кәсіби шеберлікті, шығармашылық қабілетті арттыру.

Ең алдымен психолог Тауырбаева Бұлбұлдың ұйымдастыруымен "Жақсы көңіл күй атты" атты психологиялық тренинг өтті.

Екіншіден, семинардың ашылу салтанаты жүзеге асты.

Үшіншіден, бірлестік бойынша топтарға бөлініп, семинар бағдарламасымен таныстырылды.

Төртіншіден, әр бірлестік тәжірибе алмасу кезеңдерін жүзеге асырды.

Бесіншіден, қорытынды бөлімге тоқталды. Яғни тәжірибелік алаңдағы пікір алмасу кезеңі өтті.