Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз - Наурыз дана халқымыздың қай кезде де ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы - көктем мен жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі!
Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт - береке ала келсін!
Мектебімізде салт - дәстүрлерді жаңғырту мақсатында "Наурыз - берекем, наурыз - мерекем " атты мерекелік іс-шараны жоғарғы деңгейде өткізді.
Іс - шара барысында 0-1 сыныптар Ас батасы, Мереке батасы, Ақ батасы және 2-10 сыныптар салем салу, тұсау кесер, шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тыштырма, тілашар, құлақ тесу, ит көйлек, базарлық, бәсіре, ашамайға мінгізу, құйрық-бауыр, енші, киіт, асату, құда түсу, сыңсу сияқты ежелгі салт-дәстүрлеріміз көрініс тапты.
Наурыз мейрамын қазақтың ұлттық мерекелік асы Наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. 11 - сынып оқушылары Наурыз көже дайындап, бауырсақ пісірді.
Сонымен қатар іс - шара барысында қазақтың ұлттық ойындары арқан тарту, асық ойындары, жауынгерлі әтештер, қазақ күресі көрініс тапты.















