Оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 28 - наурыз күні 1 «А» сыныбында «Кім жүйрік?» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа «Жүйріктер» мен «Алғырлар» болып екі топ қатысты. Сайыс «Топты таныстыру», «Логикалық есептер», «Сөз ойла, тез ойла», «Өнерлі өрге жүзер», «Ең шебер оқушы» деген 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар тапсырмаларды орындап сайыс тартымды қызықты өтті. 1 орынды «Жүйріктер» тобы иеленді.















