Республикалық мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш мектепке байланысты өткізілген сьездегі қаралған мәселелерді талқылау бойынша бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Кулбекова А.М мектепке дейінгі сынып тәрбиеші мұғалімдермен және бастауыш сынып педагогтарымен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - съезд жұмысының қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру және бастауыш білім беру ісінің алдында тұрған мақсат пен міндеттері туралы ой қозғау.