2022 жылдың 12 сәуірінде "Мен және менің полициям" акциясының аясында оқушылар Қалалық полиция бөліміне барып, полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Кезекші бөлімде қала бойынша орналасқан барлық бақылау камераларының жұмысымен, тергеуші кабинетінің қызметімен, уақытша қамау изоляторының тәртібімен, полиция қызметкерінің күнделікті қызмет барысында киетін арнайы киімдері мен және арнайы көліктерімен таныстырды. Өте қызықты әрі мәнді өтті. Оқушылар қатты қызығушылық танытып, әр түрлі сұрақтар қойып, жауаптарын алды.