Мектебімізде сенбілік өтіп, шараға барлық мектеп ұжымы және 1-11 сынып оқушылары қатысты.
Сенбілікке аумақты тазарту бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, әр сынып жинауы тиіс мектеп ауласының аумақтары бекітілді. Сенбілік кезінде жұмыс жасау барысында сақталуы тиіс қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтардан өткізілді.
Қажетті құрал-саймандармен жабдықталған оқушылар мен ұстаздар белсенді түрде мектеп аумағын қоқыстан жинап, жердің бетін тырмалап, ағаш түптерін қопарып, тазарту жұмыстарын жүргізді.
https://sosh4-kurchatov.rka.kz/kz/janaliqtar/207-mektebimizde-senbilik-tip-shara-a-barly-mektep-zhymy-zh-ne-1-11-synyp-o-ushylary-atysty.html#sigFreeId2427909a8c















