Бүгін – көп ұлтты Қазақ елі үшін маңызды даталардың бірі. Халықтар достастығы, ынтымақ пен бірлік күні.
✳️ 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қаламызда жоғары деңгейде аталып өтті. Қазақстан атты бір шаңырақ астына топтасқан ұлттар мен ұлыстардың өкілдері шаһарымыздағы Орталық алаңға жиылып, достық пен татулықтың үлгісін көрсетті.
✳️ Мерекелік салтанатты жиында әр халық әні мен биінен шашу шашып, қолөнер бұйымдарын паш етіп, ұлттық тағамдарын ұсынды және өзіндік ерекшеліктерін көрсетті.
✳️ Сонымен қатар мектеп ұжымымыз Қазақ халқының ұлттық киімімізді киіп "Мәңгілік елдіктің кепілі - бейбіт ел" номинациясымен Курчатов қаласының әкімінің дипломымен марапатталды!
Құттықтаймыз!👏👏👏
https://sosh4-kurchatov.rka.kz/kz/janaliqtar/232-m-gilik-eldikti-kepili-bejbit-el.html#sigFreeId3ee3eae5b4















