ЖАҢАШЫЛ ЖАС МАМАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Мамыр айының 23 күні "Үздік жас маман - 2022" атты жас мамандар сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты - жаңа білім бағдарламасы бойынша жаңашыл жас мамандарды анықтау және тәжірибе жинауына көмек көрсету болатын. Барлығы 5 жас маман қатысқан сайысқа мектеп әкімшілігімен тәжірибелі ұстаздардан құралған төрешілер қазылық етті. Сайыс
I кезең - "Таныстыру "
II кезең -
"Ширату" (сұрақтар- жауап)
III кезең - "Көкпар" (мақал-мәтел)
IV кезең - "Өз өнерін көрсету"
V кезең - "Біле білген білімді" (Педагогикалық жағдаят) кезеңдерінен тұрды. Жас мамандар осы кезең бойынша өз өнерлерін паш етті. Және өз білімдерін, жетістіктерін көрсету мақсатында портфолиоларын төрешілерге ұсынды. Қортындылай келе
төрешілер өз қорытындысын шығару уақытында жас мамандар ұстаздармен ойын ойнау арқылы сергіту сәтін өткізді.
Сайыстың қортындысы бойынша "Үздік жас маман - 2022 " иегері математика пәнінің мұғалімі Жұмахан Марфуға Бақытқызы.
Құттықтаймыз!