Жиналыста 2021-2022 оқу жылын қорытындылау, карантиндік шаралар кезіндегі оқу бағдарламасындағы жіберілген олқылықтарды жою мақсатында ұйымдастырылатын "Жазғы мектеп" туралы, 9, 11 - сыныптардың мемлекеттік емтиханы және мектеп бітіру кештерінің ұйымдастырылуы жөніндегі ҚР БҒМ нұсқаулығымен таныстырылды.


Сонымен балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында ұйымдастырылатын мектеп жанындағы лагерьлер мен қала сыртындағы "Берег" лагерінің жұмысы туралы ақпарат берілді.