Бұл күн – ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн. Мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез келген пендені бейжай қалдырмайтын ұлы мереке. Бұл күн – қимастық пен қуанышы қатар өрілген жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір ұмытылмас күн. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмірге топшысын қатайтып ұшыратын ұстаздардың күні бұл. Білім беруге ұмтылған ұстаздарынан жақсы білім алып, болашаққа осылай жолдама алатын шәкірттердің де күні. Бұл күн – түпсіз білім тұңғиығына бойлауға асыққандардың күні.

🔔 Бүгін 2022 жылғы 25 мамыр күні мектебімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау, сыңғырла!» атты салтанатты жиыны өтті.

Мектебіміз үшін 2021-2022 оқу жылы да өз жемісімен, өз жеңісімен мəреге келіп жетті. Салтанатты жиынның қадірлі қонақтары Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Улмесеков Даурен Дауытбекович және
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Курчатов қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Ж.Улукпанова өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.

Мектебіміздің директоры Қ.М Малгаждарова педагогикалық ұжымды, ата-аналар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап мақтау қағаздарымен марапаттады. Түлектерімізге «Сәт сапар!» тіледі.

Жас түлектеріміз «Мектеп вальсін» билеп, «Бақытты жастар» атты әнін шырқады. Сонымен қатар соңғы қоңырау соғылды!

🔸️Құрметті "Жас түлектер" үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Сіздерге ақ жол тілейміз!👏👏👏