🔔 Міне, бүгін дәстүрлі түрде өте бір қуанышты күн – алғашқы қоңырау, білім күні. Ең бірінші мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, олардың болашағының негізін қалаушы ардақты ұстаздарымыздың айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!


🔔Мектебімізде 1 - қыркүйек Білім күніне орай салтанатты жиын және "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында тәрбие сағатымен жалғасты.