Ағымдағы 2022 жылдың 23 қыркүйек күні қаламыздағы N 4 жалпы білім беретін орта мектебінің ұйымдастыруымен Достық үйінің жанынан құрылған Аналар кеңесінің қатысуымен "Қыз - үйдің қызғалдағы" атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс - шарада аналарымыз Бақыт Сейітмолдақызы, Күлзия Жұмағұлқызы, Роза Амантайқызы 8-11 сыныптың қыздарына тәрбиелік мәні зор ақыл - кеңестер бере отырып, "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" , деген сөздің мағынасын тереңінен түсіндіріп берді. Осындай шаралар әліде жалғасын табады деген оймен тарқасты.
https://sosh4-kurchatov.rka.kz/kz/janaliqtar/296-yz-jdi-yz-alda-y.html#sigFreeId33320e0eb8















