7 сынып оқушылары арасында, қазақтың бір туар нар тұлғасы Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай, оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушы бойына жазушының шығармашылық жолын таныту, қазақ әдебиетінен алар орны мен сіңірген еңбегін бағалауға тәрбиелеу сонымен қатар оқушылардың сабақтан кейінгі бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында "М.Әуезов - қазақ әдебиетің тарланы" атты дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар жазушының "Жетім" әңгімесінен үзінділер оқи отырып, ойларын орта салды. Қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Осындай қызықты әдеби шараларды асыға тосатындарын да айтып қалды.
https://sosh4-kurchatov.rka.kz/kz/janaliqtar/297-m-uezov-aza-debieti-tarlany-atty-d-gelek-stel-tti.html#sigFreeIddf4a447ee6















